Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Шымкентте 13 жастағы қыз бала босанды

25.04.2018 | 09:28
Шымкентте 13 жастағы қыз бала босанды

Шымкентте 13 жастағы оқушы қыз ана атанды.

Оқушы қыз 4,2 салмақпен өмірге бала әкелді. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, кәмілетке толмаған қыз 22-і күні баласын өмірге әкелді, деп хабарлайды BNews.kz.

“Қыз бала 2005 жылғы. Дәрігерлердің көмегімен отасыз баланы өзі өмірге әкелді. Нәрестенің салмағы 4,2 келі”, – дейді дәрігерлер.

Жас ана ата-анасымен Сарыағаш ауданы, Қаратөбе ауылында тұрады. Қазір полицейлер тергеу жүргізуде. Оқушы қыз жергілікті мектептің 7-сынып оқушысы.

033

 
Көрілді: 654
Жаңартылған: 25.04.2018 | 09:48
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өңір