Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Парамен ұсталған Кентау қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары сотталды

13.02.2018 | 13:49

Кентау қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Берік Қнатов пара алды деген айып бойынша кінәлі деп танылып, Кентау қалалық сотының үкімімен 3 жылға бас бостандығынан айырылды.   

-16 қазан 2017 жылы сағат 13.00 шамасында Кентау қаласы, Каленов

көшесі 1 үйдің кіре-берісінде сотталушы Б.К. Қнатов Кентау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқару кезінде, яғни мемлекеттік функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген лауазымды адам болып, айтарлықтай мөлшерде, жалпы 3500000 теңге пара алу қылмыстық ойын толық жүзеге асыру мақсатында, лауазымды жағдайы бойынша «Құрылыс Кентау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысына басшылық жасап, ықпал ете алатынына байланысты оның директоры А.Д. Искаковтан алдағы уақытта жалпы қамқорлығы үшін 2000000 (екі миллион) теңге ақшаны пара ретінде жеке өзі алған,-делінген Қнатовқа шығарылған үкімде.

Басты сот талқылауында сотталушы Б.К. Қнатов айыптауға және іс

бойынша қылмысты жасағанына қолда бар дәлелдемелерге, өзі келтірген зиянның сипаты мен мөлшеріне дауласпай, кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасауға ерікті түрде ниет білдірген. Нәтижесінде 6 ақпан 2018 жылы сотталушы Б.К. Қнатов Кентау қаласы прокуратурасының прокуроры, процесс прокуроры Д.Т. Орынбасаровамен процестік келісім түзіп, оған сай сотталушы Б.К. Қнатов Қазақстан Республикасы ҚК-нің 366-бабының 2-бөлігімен өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айыру, 3 (үш) жыл мерзімге бас бостандығынанайыру жазаларына және негізгі жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеуге келіскен.

Осы келісімге сәйкес сот сотталушыны 3 жылға бас бостандығынан айырды. 

1040037

 
Көрілді: 1121
Жаңартылған: 13.02.2018 | 13:53
Категориялар: Қоғам, Басты жаңалықтар