Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Н.Назарбаев: Қуандық Бишімбаевқа аянышпен қараймын

09.02.2018 | 15:35
Н.Назарбаев: Қуандық Бишімбаевқа аянышпен қараймын

 

Бүгін өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Н.Назарбаев соңғы кездері сыбайлас жемқорлық қылмысқа тартылған лауазымды шенеуніктерге қатысты пікір білдірді. Соның ішінде Мемлекет басшысы қазіргі уақытта ісі сотта қаралып жатқан Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевты ауызға алды.

-Тек соңғы екі жылда қылмыстық жауапкершілікке 2 200 лауазым иелері тартылған. Олардың арасында министрлер, барлық деңгейдегі әкімдер, ведомство басшылары бар. Қазіргі кезде сотта Ұлттық экономика министрлігінің экс-басшысына қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Шынын айтсам, Қуандық Бишімбаевқа аянышпен қараймын. Оны «Болашақпен» оқытып, үміт арттық. Әрине, өкінішті. Білікті маманды даярлауға қыруар уақытты, қаржыны жұмсаймыз,- деді Елбасы.

14815729941116ed1873847b98b48a9ecc961b5423d53small

 

 
Көрілді: 632
Жаңартылған: 09.02.2018 | 15:37
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өмір