Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

ОҚО-да басқарма басшысы құзыретіне жатпайтын қызметі үшін пара алған

08.02.2018 | 16:46

 

 

Оңтүстік Қазақстан облысында әділет басқармасының басшысы құзыретіне жатпайтын қызмет түрін көрсеткені үшін пара алған.  Бұл туралы бүгін ҚР Әділет министрлігінің алқа отырысында ведомствоның жауапты хатшысы Данияр Айтмұхаметов  айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, Әділет министрлігі тарабынан жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шаралардың жүзеге асырылып жатқанына қарамастан, аумақтық әділет органдарының қызметінде жемқорлық фактілері кездеседі. «Мәселен, ОҚО Сайрам аудандық әділет басқармасының басшысы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысымен ымыраласап,  жеке кәсіпкерден қоғамдық тамақтану орнын ашуға оң қорытынды бергені үшін пара алған. Айта кетерлігі, мұндай қызмет әділет органдарының құзыретіне жатпайды», - деді жауапты хатшы. Оның сөзіне қарағанда, Әділет министрлігінің әрбір аумақтық органында ішкі қауіпсіздік қызметі бар. Олардың басты міндеттері жемқорлықтың алдын алып, әдеп  нормаларының орындалуын қадалағау болып саналады. «Дегенмен, тәжірибе бұл қызметкерлердің өз міндеттерін немқұрайлы орындайтындығын көрсетті. Олардың жұмыстары басшылықтың тапсырмасы негізде қызметтік тексеру жүргізумен ғана шектеліп отыр», - деді  Данияр  Айтмұхаметов.

1040037

 

 
Көрілді: 1098
Жаңартылған: 08.02.2018 | 16:47
Категориялар: Қоғам, Басты жаңалықтар