Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Елбасы өмір бойы төраға атана ма?

08.02.2018 | 11:38

      Қауіпсіздік кеңесінің мәртебесін көтеріп, ал Елбасыға оның өмір бойы басқару құқығын беретін заң жобасы Парламенттің  қарауына түсті.

     «Азаттықтың» жазуынша, Заң жобасы Қауіпсіздік кеңесін консультативті-кеңесші органнан конституциялық орган деп ауыстыруды да көздейді. Мысалы, қауіпсіздік кеңесі жаңа констиуциялық орган ретінде елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілеттілігін ғана қамтамасыз етіп қоймай, "ішкі саяси тұрақтылықты сақтап, халықаралық аренада елдің конституциялық құрылымы мен ұлттық мүдделерін қорғайтын" орган деп тануды ұсынады. Заң жобасы қазіргі редакцияда қабылданған жағдайда қауіпсіздік кеңесі елді басқарудың негізгі орталығына айналуы мүмкін, ал орган мен оның басшысы шешімдерін биліктің бүкіл тармақтары мен шенеуніктер орындауға міндетті болады.

      Қазір  ел тағдырына байланысты маңызды мәселелер шешілетін консультативті-кеңесші орган. Ол 1991 жылы Қазақ ССР президенті болып тұрған Назарбаевтың жарлығымен құрылған. 1993 жылы Қазақстан республикасының Қауіпсіздік кеңесі болып қайта құрылған. Қауіпсіздік кеңесі жұмысын реттейтін жеке заң жоқ, бұл орган президенттің 1999 жылғы 20 наурыздағы жарлығымен бекітілген ережелер негізінде жұмыс істейді.

      Кеңес күш құрылымдары, орталық және жергілікті атқарушы билік органдарының жұмысын үйлестіріп, заң жобаларын талдайды әрі заңдардың орындалуын қадағалайды. Кеңес төрағасы - қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелерін өзі тағайындайтын ел президенті.

Қауіпсіздік кеңесінің 12 мүшесі бар. Тұрақты мүшелері – премьер-министр, президент әкімшілігі жетекшісі, президенттің көмекшісі –қауіпсіздік кеңесі хатшысы, ҰҚК басшысы, сыртқы істер министрі, қорғаныс министрі. Қауіпсіздік кеңесінің лауазымы бойынша мүшелері - мәжіліс және сенат төрағалары, "Сырбар" сыртқы барлау қызметінің басшысы, ішкі істер министрі, қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – штаб бастықтары комитетінің төрағасы. Қауіпсіқздік кеңесінң құзырын кеңейту не үшін қажет? Бұл жөнінде:

      — Билік транзиті кезеңінде кімнің қалай әрекет ететіні әзірше белгісіз. Біреулердің "жалт беріп өзгере бастауы" кәдік қой. Қауіпсіздік кеңесіне конституциялық орган мәртебесін бергісі келіп жатқаны да осы себептен. Егер келесі президент қызметіне кіріскеннен кейін "форс-мажор" жағдай басталса немесе оның алғышарттары байқалса, елбасының (президенттің - ред.) қолында бұл процесті бақылау мүмкіндігі болады, - деген пікір білдіріпті "Конституционализм мен демократияны дамыту институты" қоғамдық қоры директоры Мереке Ғабдуалиев.

 

"Рейтинг" газеті, 2018 жылы 

Б.Ерназар

 
Көрілді: 1033
Жаңартылған: 08.02.2018 | 11:43
Категориялар: Басты жаңалықтар, Саясат