Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Назарбаевқа Қауіпсіздік Кеңесті өмір бойы басқаруға құқық беретін заң жобасы Парламентке түсті

06.02.2018 | 09:03
Назарбаевқа Қауіпсіздік Кеңесті өмір бойы басқаруға құқық беретін заң жобасы Парламентке түсті

 

 

Парламентке Қазақстанның тұңғыш әрі әзірге жалғыз президентіне Қауіпсіздік Кеңесті өмір бойы басқаруға құқық беретін заң жобасы келіп түсті. Онда Қауіпсіздік Кеңестің мәртебесін конституциялық орган ретінде өзгертуді ұсынады. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі хабарлады.

Заң жобасы қабылданған жағдайда Қауіпсіздік Кеңес елдегі орталық басқару тетігі болып саналады әрі ондағы шешімді атқарушы билік міндетті түрде орындау қажет болады.

Демократияны дамыту жөніндегі Орталық Азия қорының жетекшісі, саясаттанушы Толғанай Үмбетәлиева аталған заң жобасы елдегі саяси жүйені өзгертеді деп ойламайды. Оның пікірінше, әскери тұжырымдаманы қабылдағаннан кейін, Қауіпсіздік Кеңестің құрылымын өзгертуге тура келген. Себебі билік транзиті кезінде, қауіпсіздік мәселесіне аса мән бермек.

«Конституционализмді және демократияны дамыту институты» қоғамдық қорының директоры Мереке Ғабдуалиев заң жобасынан биліктің ауысына дайындалуды көреді.

"Билік транзиті кезінде кім өзін қалай ұстайтыны белгісіз. Егер келесі президент кезінде елде «форс-мажор» басталса, онда елбасы Қауіпсіздік кеңес арқылы жағдайды бақылауға алуы мүмкін",- деп есептейді Мереке Ғабдуалиев.

2017 жылы Қазақстанда Конституцияға өзгерістер енгізілді. Ол парламент пен үкіметтің рөлін күшейтуге бағытталған. Freedom House халықаралық құқық қорғау ұйымы конституциялық реформаны билікті бөліп алуға шектеу қою деп баға берген.

162B1FFF-AD2F-4234-86D4-F1E900E80DB0 cx0 cy1 cw0 w1023 r1 s

 
Көрілді: 1042
Жаңартылған: 06.02.2018 | 09:05
Категориялар: Басты жаңалықтар, Саясат