Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Екі жыл бойы жалғыз көзімен жұдырықтасқан Шүменов кәсіпқой боксқа қайтып оралмақ

30.01.2018 | 09:30

 

-Екі салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы, отыз төрт жастағы қазақстандық Бейбіт Шүменов спортқа қайта оралуы туралы айтып берді,-деп хабарлады  Sputnik Қазақстан.

-Менеджеріммен біраз қиындықтар болды. Оның өз шаруасынан қолы босамай, маған тиісті мөлшерде жекпе-жек ұйымдастыра алмады. Сол себепті ұзақ уақыт тоқырап қалдым. Онымен бірге көзімді жарақаттап, екі рет операция жасаттым. Сол сәтте жан күйзелісіне ұшырап, мансабымды аяқтауға шешім қабылдадым. Негізінде үлкен үзіліс жасауым керек болған еді. Бүгін мансабымды қайта бастайтынымды мәлімдеймін", — деді Шүменов орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Бүгінде денсаулығы жақсы, мансабын жалғастыруға таптырмас мүмкіндік туып тұр.

"Көзім туралы айтар болсам, меніңше, медицина адам ағзасын әлі толық зерттеген жоқ. Мысалы, 2008 жылы жекпе-жек кезінде сол жақ көзімнен жарақат алдым. Екі жыл бойы жалғыз көзбен жұдырықтастым, бір көзім мүлдем көрмейтін. 2010 жылы жалғыз көзбен әлем чемпионы болдым. Содан кейін дәрігерлер операция жасап, жарақаттың күрделі екенін, мансабымды жалғастыра алмайтынымды айтты. Сосын тағы операция жасаттым, сол жақ көзім көре бастады. Қазір жаныма батып жүрген жоқ. Сол хирург оң жақ көзіме де операция жасады. Қазір барлық медициналық тексеруден өттім, бәрі жақсы", — деп түсіндірді боксшы.

276833


 
Көрілді: 914
Жаңартылған: 30.01.2018 | 09:32
Категориялар: Басты оқиғалар, Басты жаңалықтар