Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Орны толмас «отыз мың»

02.02.2017 | 11:56

 

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі Универсиадаға қатысты статистикалық деректі жариялады. Құзырлы органның мәліметіне қарағанда, әзірге 66 елден бар-жоғы 2100 адам ғана келіпті. Қалған 28 мың қонақтың «қайда жүргені» айтылмады. Универсиада аяқталғанша олардың келетін-келмейтіні тағы белгісіз. Бұл дегеніңіз, қып-қызыл шығын. Бала-шағаның аузынан жырып, табақ-табақ етін асып, мол дастархан жайып, бірақ, күткен қонақтары келмей қалған үйді көз алдыңызға елестетіңізші...

Универсиаданы ұйымдастырушылар «30мың қонақ келеді» деп марқайғанда көп жайтты ескермегені көрініп қалды. Қыл аяғы, келген қонақтар жарысты көруге билет таппаған соң басқа себептерді сөз ету керек пе?  

 
Көрілді: 578
Жаңартылған: 02.02.2017 | 12:00
Категориялар: Басты жаңалықтар, Спорттағы басты жаңалықтар