Назарбаев халыққа банктен алған қарызын қайтару керектігін айтты

1544503654_news_b.jpeg

Шынын айту керек, ел Президенті Н. Назарбаевтың елмен тікелей эфир арқылы жүздесіп, сұрақтарына жауап беруінен көпшілік, әсіресе қарапайым халық қатты үміттенеді. Шағым айтып шағынар тауы, басар жері қалмаған жұртқа Елбасының тікелей эфирі ең соңғы үміті, ең соңғы мүмкіндігі секілді көрінеді. Сұрақ қоюшылардың қатары өте көп болатынын, мұның сұрағы мыңдаған сұрақтардың арасында қалып кететінін біліп тұрса да қарапайым халық мәселесі президенттің аузынан айтылып қалардай теледидарға елеңдеп отырады. Яғни, ел Елбасының тікелей эфиріне қатты сенеді, бір жақсылық күтеді. Сондықтан болар Елбасы да, оның төңірегіндегі азаматтар да бұл іс-шараға қатты дайындалады. Жасыратыны жоқ, аймақтарда дайындық жұмыстары бірнеше күн бұрын басталады. Әрине, еліміздің түкпір-түкпірінен қойылған бірнеше мыңдаған сұрақтарға Н. Назарбаевтың бір өзі жауап беруі мүмкін емес. Елбасы тікелей эфирде сол бірнеше мыңдаған сұрақтардың 1 пайызына да жауап беріп үлгерген жоқ. Ең негізгі, елдің көкейінде жүрген маңызды сауалдарға ғана жауап қатты, өз ойын білдірді, бірқатар мәселелерге байланысты қатаң тапсырма берді. Енді Елбасы тарапынан қолға алынған осы жап-жақсы іс-шараны абыроймен жалғастыру Президент аппаратындағыларға, Үкімет мүшелеріне үлкен сын, үлкен жауапкершілік. Президент қойылған сұрақтардың бәріне 10-желтоқсанға дейін жауап беруді қатаң тапсырды. Біздіңше әрбір министр, әрбір әкім, әрбір басшы өз саласы бойынша қойылған сұрақтарға Елбасының көзімен қарап, Елбасыша әрекет етуі тиіс сияқты. Әйтпесе, қойылған сұрақтардың денін министрлер, жергілікті жердегі басшылар жақсы біледі. «Е, бұл белгілі мәселе ғой, бұған дейін талай жауап бергенбіз» деп әкімдер арқаны кеңге салып, сыдыртпа сөзбен жауап бере салмауы тиіс. Бұл басшының өзіне де, Президентке абырой әпермесі анық. Әрине, Үкімет басшысы министрлерді ертеңіне-ақ жинап алып, тікелей эфирде көтерілген мәселелерді талқылауға кірісіп кетті. Тіпті К. Мәсімов кей министрлерге тікелей эфирде айтылған мәселелерді үш күннің ішінде орындауға тапсырма беріп тастады. Бұл бір жағы тым асырасілтеушілік екені рас. Жылдар бойы шеше алмаған мәселені үш күнде бір жақты ету еш ақылға сыймайды. Бірақ бір жағы Үкіметтің жан алысып, елге бір жақсылық істеуге жанталасып жатқаны қуантады-ақ. Осыдан кейін Елбасының тікелей эфирі елдің үмітін ғана емес, Үкіметті де түртіп оятып жібергенін байқап, іштей риза боласыз. Сонда Елбасы айтпаса, Үкімет қимылдамайтыны болғаны ма, қалай өзі…

Үлескерлердің де үмітін жақты

Жалпы Президенттің елмен жүздесуі, сұрақтарына жауап беруі алдын-ала ойластырылып жасалған іс-шара болғандықтан бас-аяғы жұп-жұмыр болып өтті. Қойылған сұрақтың бәріне бірдей Елбасының өзі жауап беруі мүмкін емес екенін әлгінде айттық. Сондықтан болар бұл жүздесудің басты ерекшелігі – қойылған сұрақ тақырыптарының алуандығында болды. Осынау аз ғана уақыттың ішінде там-тұмдап болса да елді мазалап жүрген көптеген мәселелер әңгіме болды. Бас салып қол жеткізген жетістік емес, кемшілік те, сын да айтылды. Қазір Астана, Алматы қалаларындағы басты мәселенің бірі – үлескерлер дауы. Тәуелсіз газет бетін ашып қалсаңыз да, теледидарды қосып қалсаңыз да Үкімет немесе әкімшілік үйін қоршап алған үлескерлерді көресіз. Бұл жолы Нұрсұлтан Назарбаев үлескерлер мәселесін премьер-министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеевтен тәптіштеп тұрып сұрады.

Елбасы қазіргі кезде үлескерлік қатысу проблемаларын шешу барысында мемле­кет өзіне бірінші қабаттарды алып қоятынын атап өтті.

– Біз үлестік қатысуға жұмсап отыр­ған барлық ақша – халықтың қаражаты, сондықтан да қайтарылуға тиіс. Біз ала­қол­дылармен соттасатын боламыз, соны­мен қатар бұл ақшаны қалай қайтаруды ойластырамыз. Сондықтан бірінші қабаттар мемлекетке беріледі. Бәлкім, онда балалар бақшасын ұйымдастырса ше? Міндетті түрде 200-ге емес, 50 адам, 25-ке. Жалпысында, жаңадан салынып жатқан үйлерде мұны көздеу керек, – деп жалғастырды Мемлекет басшысы:

Бірақ мұнда тағы бір проблема туын­дай­ды: салуын саламыз ғой, ал онда кім жұмыс істейді?

– Проблема мынада, тәрбиешілер жоқ. Біз оларды оқытуымыз керек. Сон­дықтан, келіңіздер, ата-аналар, бизнес-қоғамдастық, мемлекет бірлесіп осы мәсе­лені шешетін болайық. Мен Үкіметке әкімдермен бірлесе отырып, осы проб­леманы шешу үшін біздің міндеттерімізді нақты айқындауды тапсырамын, – деді Мемлекет басшысы.

Ал, тікелей желіге қосылған Алматы тұрғыны Владимир Буллерді құрылыстың қашан басталып, қашан аяқталатыны, құрылысты аяқтау үшін неліктен қосымша ақы төлеу керек­тігі және нысанды аяқтау үшін бөлінген қаржылардың жұмсалуына қандай ведом­ствоның бақылау жасайтыны қызық­тырды.

Мемлекет өзіне осындай міндетте­мелер алған, үлескерлер проблемасын шешудің қазақстандық тәжірибесі – еш жерде кездеспейтін жағдай, деп атап өтті Мемлекет басшысы сұраққа жауап бере отырып. Сондықтан халық бөлінген ақша үшін өз мемлекетіне алғыс айтуға тиіс. Нұрсұлтан Әбішұлы ахуалды бүтіндей алғанда білетінін, мәселенің шешілуін қадағалап отырғанын жеткізді. Биыл бұл мақсатқа 400 миллиард теңге бөлінген және 33 мың үлескер тұрғын үйлер алған. Жыл соңына дейін тағы да 15 мың адам пәтерлі болады. Ал қалған нысандар құрылысы келесі жылы аяқталмақшы.

Осы тұста тікелей желіге қосылған Премьер-Министрдің бірінші орын­басары Өмірзақ Шөкеев кейбір жәйттерді нақтылап өтті. Атап айтқанда, “Қуат” компаниясының бір нысаны жаңа кесте бойынша 2010 жылдың 1 қыркүйегіне дейін, ал қалған үшеуі 2011 жылдың қаң­тарында аяқталады. Жалпы, Үкімет Пре­зидент тапсырмасы бойынша проблемалы нысандар құрылысын аяқтау үшін әртүрлі тоғыз қаржы тетіктерін әзірлеген.

Өз кезегінде Мемлекет басшысы халықты банктерден алған несиелерін қайтаруға шақырды. Оны құқық қорғау органдары бақылап отыратын болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Туркестане прошел семинар по разъяснению выборного законодательства
  • Украина үшін ұшырылған көгершіндер қарға мен шағаланың шабуылына ұшырады
  • Күйеу бала. Ісі тастай Кеңес Рақышев
  • Димаш Құдайберген Ержан Максимге «Қазақша сөйле» деп ескерту жасады
  • Қытайда 40-қа жуық мемлекет басшылары кездесті
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: