Балғынбаев енді Елбасыға кеңес бермейтін болды

1301714220_0_160_2921_1815_600x0_80_0_0_49ac29581a1b10203afa5503a8ae6125.jpg

Нұрлан Балғымбаев Президенттің кеңесшісі қызметінен босатылды. Сондай-ақ, ол Каспий теңізінің ресурстарын пайдалану жөніндегі Қазақстанның өкілі міндетінен де айырылды. Балғымбаевтің өрлеу шағы 1999-2002 жылдар аралығында болды. Осы кезеңде ол еліміздегі ең ірі компания – «ҚазақОйл»-дың  президенті қызметін атқарды. «ҚазақОйл» Ұлттық мұнайгаз компаниясының тізгінінен айырылған соң  Балғымбаев саяси аренадан мүлдем жоғалып кетті. 5 жыл бойына «Қазақстан мұнай инвестициялық компаниясын» басқарғанымен, саяси элитаның өзге өкілдерінің тасасында қалып қойды.  2007 жылдан бергі уақытта Президенттің кеңесшісі қызметін атқарды. Міне, енді бұл қызметінен де қош айтысты. Балғымбаевтың Елбасыға нендей кеңес бергенінен хабарымыз жоқ, әйтеуір, қоғамдық-саяси өмірде танытқан белсенділігі жөнінен «сарай бұлбұлы» атанып кеткен әріптесі Ермұхамет Ертісбаевтің шаңына да ілесе алмай қалды. Енді Нұрлан Балғымбаев қайда барады? Оның  жерде қалмайтыны анық.

Бір қызығы, көршілес Ресейде де президент  кеңесшісімен қош айтысыпты. Михаил Лесин дейтін азаматтың  Дмитрий Медведевке несімен жақпай қалғаны белгісіз. Бір емес, бірнеше рет басшылық тарапынан ескерту естіп жүрген Лесин  ақыры қызметінен қуылды. Қуылғанда қандай, Лесиннің еңбек кітапшасына «мемлекеттік қызметкердің этикасын бұзғаны және  жүйелі түрде тәртіп бұзушылықтарды жасағаны  үшін» деген бадырайған жазу түсті. Сарапшылар мынаны байқапты, соңғы он жыл көлемінде Ресейде дәл осындай айыппен «отставкаға» кеткен жоғары лауазымды шенеунік болмаған. Енді Лесиннің саяси карьерасында нүкте қойылды деген сөз. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Туркестане прошел семинар по разъяснению выборного законодательства
  • Украина үшін ұшырылған көгершіндер қарға мен шағаланың шабуылына ұшырады
  • Күйеу бала. Ісі тастай Кеңес Рақышев
  • Димаш Құдайберген Ержан Максимге «Қазақша сөйле» деп ескерту жасады
  • Қытайда 40-қа жуық мемлекет басшылары кездесті
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: