ХАБАРЛАНДЫРУ

Жазылыңыз

Тұрғындар Түркістан қаласы әкімінің есебіне оң баға берді

abylaiabylai Саясат 2019-02-08 18:55:36
Жарнама орны

1549622261418320.jpg

Былтыр Елбасы Жарлығымен облыс орталығы болып бекітілген Түркістан бірнеше мың гектар жері Кентау қаласының аумағына ауысқанына қарамастан ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде алғашқы орында келеді. Бұл туралы бүгін Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаев облыс басшысы Ж.Түймебаевтың қатысуымен өткен ел алдындағы есепті жиынында мәлімдеді.

– Қаланың ауыл шаруашылығы саласында есепті мерзімде 6 млрд теңгенiң өнiмi өндiрiлiп, 2017 жылмен салыстырғанда 26,6 пайызға артық орындалды. Осылайша ауыл шаруашылық саласында басқа аудан, қалалардың ішінде 1 орында, – деді ол.

Сондай-ақ қалада үй іргелік жерде жылыжай салу біршама жолға қойылған. Сол жалпы көлемі 7,7 гектарды құрайтын 73 жылыжайдан 245 тонна өнім алынды. Облыстың орталығы болғанымен мал шаруашылығымен айналысуға шектеу қойылмаған шаһарда 15 мың ірі қара мал, 35 мың қой-ешкi, 3 мың жылқы, 900 түйе және 38 мың құс өсірілуде. Осылардан былтыр 1373 тонна ет, 10958 тонна сүт, 3 362 мың дана жұмыртқа өндірілді.

Жиында бұдан басқа да жетістер айтылдып, өзекті мәселелер талқыланды. Көпшілік көкейінде жүрген сауалдарына жауап алып, қала әкімінің есебін оң бағалады. Қорытынды сөз сөйлеген облыс әкімі халықты Түркістанды бірге дамытуға шақырды.


Жарнама орны
Oinet ақпараттық агенттігі

Материалды көшіріп басқанда www.oinet.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс
Авторлық құқықты сақтаңыз

LikeПікір жазу
Пікір жазу( 0 Пікір)
   
Тексеру код: