ХАБАРЛАНДЫРУ

Жазылыңыз

Биыл Түркістан қаласында 8 жаңа мектеп салынады

abylaiabylai Саясат 2019-02-08 18:51:09
Жарнама орны

1549621659873160.jpg

Биыл Түркістан қаласында 8 жаңа мектеп салынады. Ал, әкімшілік іскерлік аймағында Назарбаев мектебінің құрылысы басталады. Ел алдындағы есеп беру жиынында осылай деген шаһар басшысы Ә.Өсербаевтың бұл жаңалығын қуана қабылдаған жұрт шапалақтап жіберді.

– Облыстың орталығы ретінде қала аумағының үлкеюі мен халық санының өсімі ескеріліп, үш ауысымды мектептер мен балабақша тапшылығын болдырмау мақсатында қаланың Бас жоспарына сәйкес 5 типтік балабақша мен 8 мектеп салу жоспарланып отыр. Осы жылы әкімшілік іскерлік аймағында Назарбаев зияткерлік мектебі мен Оқушылар сарайының ғимараты бой көтеретін болады, – деді қала әкімі.

Ал, Ататүрік мектеп-гимназиясында «Қауіпсіз мектеп» жобасын жүзеге асыру жоспарлануда. Оған ЭКПО – 2017 көрмесіне атсалысқан мамандар көмегімен жүзеге асатын аталған жобаның аясында білім ұясының территориясында бейнебақылау камералары орнатылады. Мектептің ішінде ахуалдық орталығына бүкіл камералардан видеофайлдар жинақталып, автоматты түрде Полиция депарматенті мен қала әкімдігінің ахуалдық орталығына интеграцияланады.

– Мектепке бөгде адамның кірмеуі қамтамасыз етіледі. Әр оқушыға жеке карта беріледі. Баланың мектепке кіріп-шыққаны туралы ақпарат ата-анасының ұялы телефонына тікелей хабарлама болып түседі. Бұған жергілікті бюджет тарапынан 30 млн.теңге қаралды, – деді Ә.Өсербаев.

Жарнама орны
Oinet ақпараттық агенттігі

Материалды көшіріп басқанда www.oinet.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс
Авторлық құқықты сақтаңыз

LikeПікір жазу
Пікір жазу( 0 Пікір)
   
Тексеру код: