Ғашық қылатын 36 сұрақ

0_1544078746.7168.jpg

 Психолог Артур Арон 1997 жылы мүлдем жат адамды тануға көмектесетін 36 сұрақ құрады. Одан 20 жыл өткен соң Мэнди Лен Кетрон 36 сұрақтың тылсым күшіне көз жеткізіп, өзі "төрт минут бойы бір-бірінен көз алмастан қарап отыру" деген соңғы пунктті қосты. Бұл сұрақтарды бейтанысқа қойып отырып, өзіңіз де жауап беріп отыруыңызға болады. Не бір-бірін танымайтын қыз бен жігітке өзге адамның қоюына да болады. Дереккөз: massaget.kz

 

Сонымен, ғашық болу үшін төмендегі 36 сұрақ жәрдемдеседі.

1. Әлемдегі барлық адам сіздің құзырыңызда болса, түскі асқа кімді шақырар едіңіз?

2. Сіз атақты болғыңыз келеді. Оны қалай жүзеге асырар едіңіз?

3. Біреуге қоңырау шалар алдында не айтатыныңызды түгел ойластырып қойған кезіңіз болды ма? Не үшін?

4. Керемет күнді қалай елестетесіз?

5. Жеке қалған кезде соңғы рет қашан ән айттыңыз? Ал біреуге ше?

6. Тоқсан жасқа дейін өмір сүретін болсаңыз, 60 жастағы ақылыңыз бен 30 жастағы сымбатыңыздың қайсысын таңдар едіңіз?

7. Ажалдың қалай келетінін сезесіз бе?

8. Маған және сізге ортақ үш белгіні айтып бере аласыз ба?

9. Өмірде не нәрсеге қарыздарсыз немесе барлығынан да ең көп шүкіршілік етесіз?

10. Егер сіздің қолыңызда болса, өзіңізді қалай тәрбиелер едіңіз?

11. Маған 3 минутта өз өміріңіз туралы не айтып бере аласыз?

12. Ертең таңертең бойыңызда жаңа қабілет пайда болады десе, не істер едіңіз? Қандай болар едіңіз?

13. Егер сізге өзіңіз, өміріңіз, болашағыңыз жайында бар шындықты айтатын хрусталь шар берілсе, не білгіңіз келер еді?

14. Бұрыннан армандайтын нәрсеңіз бар ма? Әлі күнге дейін неге орындалмай келеді?

15. Жалғандағы жалғыз жетістігіңіз?

16. Достықта ең қадірлісі не?

17. Ең ескі естелігіңіз қандай?

18. Есіңізде қалған ең қорқынышты сәт?

19. Бір жылдан соң өмірден өтеріңізді білсеңіз, нені өзгертер едіңіз?

20. Сіз үшін достықтың маңызы қандай?

21. Ұнату мен сүюдің қандай маңызы бар?

22. Менің бес жақсы қасиетімді ретімен айтып беріңізші.

23. Сіздің жанұяңыз қаншалықты тату?

24. Анаңызбен қарым қатынасыңыз жайында не айтасыз?

25. "Біз" деп басталатын үш шынайы жағдайды айтыңызшы. Мысалы, "Біз екеуміз де бұл бөлмеден ... сезінеміз"

26. "Мен ... бөлісетін адамым болғанын қалаймын". Сөйлемді толықтырыңыз.

27. Егер мен сіздің ең жақын досыңызға айналсам, ең алдымен не білгіңіз келеді?

28. Сізге менің қандай қасиетім ұнайды?

29. Өзіңізді жайсыз сезінген сәтіңізді бөлісіңізші.

30. Адамдардың көзінше соңғы рет қашан жыладыңыз? Ал жалғыз жылаған кезіңіз ше?

31. Менің (немесе серіктесіңіздің) ұнап қалған қасиетім бар ма?

32. Не туралы әзілдеуге болмайды?

33. Егер дәл қазір өліп кететін болсаңыз, біреуге айта алмай кететін сөзіңіз іште қалар ма еді? Осы күнге дейін не үшін айтпадыңыз?

34. Үйіңіз өртке оранды делік, жақындарыңыз бен үй жануарларыңызды құтқарып үлгердіңіз, енді бір ғана нәрсеңізді алатын мүмкіндік бар. Ол не? Себебі?

35. Туыстарыңыздың арасынан кімнің өлімі ең қатты тиген болар еді?

36. Маған бір проблемаңызды айтып, шешімін сұрап көріңіз.

 


Дереккөз : anabol.kz

Жарнама орны

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шардарада асылып өлген оқушы ұстазын кінәлап хат қалдырған
  • Гүл сыйлаудың да мәдениеті бар
  • Махаббат қайда?
  • Ғашық қылатын 36 сұрақ
  • Ата-ана ажырасқанын балаға қалай түсіндірсе болады?