Балалар үшін өте маңызды

663-1476213143-b5e0dacf26.jpg

Балаңыз енжар, селсоқ, ықылассыз, айналасындағыларға немқұрайды қарай ма? Ал бұл қасиеттері оның қалыпты дамып-жетілуіне кері әсерін тигізетінін білесіз бе? Ендеше, балаңызды мұқияттыққа, қырағылыққа қалай тәрбиелеуге болады? Бала бойындағы қырағылықты арттыру оңай емес. Ол үшін біздің кеңестерімізге құлақ асыңыз.

 

Ештеңеге қызығушылығы жоқ, енжар бала айналасындағыларға мұқият болмайды. Енжарлық пен селсоқтық баланың қырағылығын жояды, ұмытшақтыққа, жалқаулыққа алып келеді. Сондықтан бала бойындағы қырағылықты дамытудың орны бөлек. Ол үшін

 

-Кішкентайыңызбен арнайы жұмыс істеу керек.

-Нақты жаттығуларды қолға алыңыз.

-Алдыңызға мақсат еткен нәтижеге қол жеткізгенше қырағылықты арттыру жаттығуларын тоқтаусыз үнемі жалғастыру керек.

 

ҚАНДАЙ ЖАТТЫҒУЛАР ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

 

Көру арқылы, тыңдау арқылы есте сақтау қабілетін арттыратын, көрмей-естімей ойша, өздігімен қандай да бір тапсырмаларды орындауға баулитын жаттығулар жасау керек. Сонымен қатар түрлі ойындар да ойнауға болады.

Егер балаңыз әлі кішкентай болса, ойыншықтарын жаттығу құралы ретінде пайдаланыңыз. Мысалы, қанша қонжығы бар? Қай ойыншығы қандай түсті? Доптарының көлемі қандай? Осы сынды сұрақтарды үнемі қоя отырып, баланың қырағылығын дамытуға әбден болады. Бұлардың пайдасы мол. Бала ойыншықтарымен ойнап отырғанда олардың түр-түсіне, көлемі мен санына әрдайым мән беріп, есіне тоқып отырады.

Егер балаңыз мектеп жасында болса, мәтін оқу, сандарды жаттау, жұмбақ жасыру, логикалық есептер шығару арқылы оның қырағылығын арттырып, әрнірсеге мұқият болуға баули аласыз.

-Онға дейінгі сандарды біреуін қалдырып, қағазға жазыңыз. Балаңыз қай санның жоқ екенін тапсын. Тапсырманы қиындату үшін сандарды ретімен емес, әр жерге шашыратып жазыңыз.

-Сөздерді кейбір әріптерін ұмыт қалдырып жазыңыз. Балаңыз автоматты түрде оқи салмай, жасырынған әріптерді табуды үйренсін. Бұл да баланы қырағылыққа баулиды.

-Сөздерге артық әріп қосып жазыңыз.

-Суреттермен де түрлі жаттығу жасауға болады. Аздаған айырмашылығы бар бірнеше бірдей суретті қатар қойып, арасынан сол айырмашылықтарды тапсын.

-Суреттерді (жануарлар, құстар, үйлер, жемістер, т.б) дұрыс, өз түстерімен бояуды үйрету де қырағылыққа баулиды. Аспанның көк, Күннің сары түсті болатынын балалар байқап, біліп жүрулері керек.

-Логикалық есептер, сызба ойындар да – қырағылықты шыңдайтын жаттығулар.


Дереккөз : anabol.kz

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: