Әйелге тән әзіл мен даналықтың энциклопедиясы

taIJzlGeLEw.jpg

Әйелдер әлемді әдемі етеді. Әйел деген үйлесім, әйел деген ғажайып. Ол азаматына таусылмас шабыт сыйлап, тау қопаруға бағыттай алады. Өзі де талай дүниені тудыра алады. Атақты жазушы, әртіс, саясаткер, ғалым әйелдердің өмір, махаббат, әлем, жігіттер мен өздері туралы айтқан қанатты сөздерін жинап, оқырман назарына ұсынамыз:

1.     Адам ата мен Хауа ана ең керемет жұп атануына болар еді: Адам ата «мен мынаған күйеуге шығар ма едім» деген бірде бір еркек туралы әңгіме тыңдаған жоқ, Ал Хауа ана оның анасының қандай тәтті тағам пісіретінін білмей өтті.

~ Ванда Блоньская, поляк журналисі


2.     Хор қызындай көріну үшін жиырма минут керек. Табиғи қалпыңды сақтап, боямасыз көріну үшін кем дегенде үш сағат қажет. 

~ Янина Ипохорская, поляк суретшісі және журналисі


3.     Еркекке бір нәрсені істеткізудің ең тиімді тәсілі – мұндай іске қартайып қапсың деу.

~ Ширли Маклейн, америкалық киноактриса


4.     Ешкім әйел болып тумайды, әйел болу - өнер. 

~ Симона де Бовуар, француз жазушысы


5.     Адам ата алғаш мүмкіндік қолға тие салысымен бар жауапкершілікті Хауа анаға іле салған. 

~ Нэнси Астор, британ парламентіне сайланған алғашқы әйел


6.     Мен Ұлы атақтың да, мүлде атақсыз қалудың да дәмін таттым. Екеуінің табиғаты бір екеніне көзім жетті. 

~ Анна Ахматова


7.     Әйел үшін сұлулық екі жағдайда қиындық тудырады: сұлулық жоқ болса және сұлулықтан басқа ештеңе жоқ кезде.

~Моника Белуччи


8.     Асқазан жарасының себебі не жегеніңізде емес, жаныңызды не ауыртатынында. 

~ Вики Баум, австрия жазушысы


9.     Адам өзіне өзі шынайы күлген күні есейеді. 

~ Этел Барримор, америкалық актриса


10.   Опасыздықты кешіруге болады. Ал, ренішті ешқашан. 

~ Анна Ахматова


11.   Өзін сүйікті сезінген әйелдің алмайтын асуы жоқ. 

~ Вики Баум, австрия жазушысы


12.   Қыс жақындаған сайын адам паспортындағы суретке ұқсай түседі. 

~ Ванда Блоньская, поляк журналисі


13.   Біз, әйелдер, үнемі бір-біріне ұқсас еркектерге ғашық боламыз. Бұл біздің моногамияның пішіні. 

~ Лорен Бейколл, америкалық киноактриса


14.   Бақыт деген деннің саулығы мен жадының нашарлығы. 

~ Ингрид Бергман, швед киноактрисасы


15.   Роман мен комедиялар әдетте тоймен аяқталады. Одан кейін айтатын дәнеңе жоқ дегенді меңзейді.  

~ Маргарита де Блессингтон, ағылшын жазушысы


16.   Уақыт не деген жылдам еді! Жиырма беске толғаныма он жыл өтті! 

~ Ванда Блоньская, поляк журналисі


17.   Таңғы сегізден түнгі он екіге дейін сұлу болып жүргеннен қиын жұмыс жоқ. 

~ Брижит Бардо


18.   Ол жігіт классикалық сазды, сурет өнерін, әдебиет жауһарларын сүйетін... Әркімнің өз кемшілігі болатыны рас. 

~ Брижит Бардо


19.   Этикет дегеніміз аузыңды жауып есінеу. 

~ Брижит Бардо


20.   Өмір деп  атайтынымыз көбіне ертеден кешке дейін бітіретін жұмыстарың ғана. 

~ Ванда Блоньская, поляк журналисі


21.   Үйлену туралы шешім – еркектің қабылдайтын ең соңғы өз шешімі. 

~ Ванда Блоньская, поляк журналисі


22.   Мәңгі жас болып көрінудің құпиясы адамгершілікпен өмір сүріп, тамақты баяу жеп, өз жасың туралы шындықты ешкімге айтпауда.  

~ Люсиль Болл, америкалық актриса, телепродюсер


23.   Еркекке оның керемет екенін, тек басқалар мұнысын байқамайтынын сіңіру керек. Үйде істеуге болмайтын нәрсеге рұқсат беріңіз. Темекі тартуға, қайда барам деседе жолына кедергі болмаңыз. Қалғанын жақсы аяқ киім мен жібек іш киім жасайды. 

~ Лиля Брик, әдебиетші


24.   Әр әйел өзіне сеніп, өзін жақсы көруі керек. Ештеңеден қорықпаңыз. Еркін болыңыз. Тәуекелге бел буа біліңіз. Өмір деген қас пен көздің арасы. Жас сияқтысың. Бір сәтте бәрі біте салады. Артыңа қарап ойланасың. Істелмеген нәрселерге өкінесің. Ұялғаннан, қорыққаннан, жұрттың сөзіне жалтақтағаннан. Тәуекел ет. Қателессең де. Бұл өмір. Ең бастысы бір-біріңді жақсы көріңдер. Әрдайым. Сәт сайын. 

~ Людмила Гурченко, актриса


25.  Еркектің аты еркек, бірақ сымбатты еркектің жөні бөлек. 

~ Луиза де Вильморен, француз жазушысы


Аударған Шынар Әбілдә

Қабылан ақпараттық порталы


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: