Жүрегін тыңдаған адам ешқашан қателеспейді

Serdce-1.jpg

1. Сізді ұнатпайтын адамдарды байқамауға тырысыңыз. Ұнатпайтын адамдар екі түрлі болады: не ақымақтар, не көреалмаушылар. Ақымақтар бір жылдан соң сізді жақсы көріп кетеді. Ал, көреалмайтындар сіздің олардан артықшылығыңызды түсіне алмастан өледі. ©Джон Уилмот

2. Шешімі жоқ жағдай жоқ. Сіздің өміріңізде енген әр адамның өз орны бар, артық адам болмайды. Кездейсоқ кездесу деп өзіңізді алдамаңыз. Дер кезіндегі кездесу ол. Қайран уақыт деп жылау оңай. Ұрланған уақыт болмайды. @В.Альбисетти

3. Уақыт емдемейді. Артық уақыт болмайды. Жұмысқа және махаббатқа арнайтын уақыт бар. Басқа ештеңеге уақыт берілмеген.

4. Мода деген сәулет: ол тек пропорцияға тәуелді.

5. Әлемде екі үлкен ақымақтық бар. Олардың алдында басқаның бәрі мәнсіз көрінеді. Ол азаматтың ұстанымы және әйелдің тәкәппарлығы...

6. Қолыңнан ұстаған емес, жаныңды ынтызар еткен адам жақын.

7. Жүрегін тыңдаған адам ешқашан қателеспейді. ©Рудольф Генрих Шенкер.

8. Әйелдің сұлулығы – сүйіспеншілікпен сыйлайтын қамқорлығы мен жасыра алмайтын құмарлығында. ©Одри Хепберн.

9. Көркем болу — көзге түсу деген сөз емес. Көркем болу деген естен кетпестей бола білу. @Giorgio Armani.

10. Есейе келе адамның сыртқы әлпетіне емес ішкі отына мән беретін боламыз. Ол адамның жанында болғанда не сезінетінің ғана маңызды. Ол саған қандай көңіл-күй сыйлайтыны ғана мәнге ие. Ең маңыздысы адамның жүрегінде сақтаулы.


Аударған Шынар Әбілдә

Қабылан ақпараттық порталы


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: