Мұхтар Құл-Мұхаммед министр болып Астанаға қызмет ауыстырды

Screenshot_1.jpg

Тышқан жылы туғандар 2008 жылды әрқалай өткізді. Бірінің шаттығы тасып,  қуанышқа бөленсе, енді бірі күтпеген тосын жағдайларға ұшырап жатты.  Әңгімемізді Астанадан бастасақ. 

Тышқан  жылы дүниеге келген министр Мұхтар Құл Мұхаммед үшін 2008 жыл тынышсыз болды. 28 ақпан күні Жалағаш ауылының  маңында Ми-8 тікұшағы апатты жағдайға ұшырайды. Зардап шеккен  18 адамның қатарында  сол кездегі Қызылорда облысының әкімі Мұхтар Құл-Мұхаммед те бар еді. Апаттың салдарынан 5 адам көз жұмып, қалғандары ауруханаға түседі. Дәрігерлердің берген анықтамасы бойынша, аймақтың басшысы көптеген жарақаттар алып, миы шайқалған. Осы оқиғадан соң көп кешікпей Мұхтар Құл-Мұхаммед Мәдениет және ақпарат министрі болып  Астанаға қызмет ауыстырды.

Ғалымжан Елшібай, 

"Жас Алаш" газетінің меншікті тілшісі

Жарнама орны

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда туризм қос бағытта дамиды
  • Полиция департаментінің халықтық кеңсесі ашылды
  • Түлкібас ауданында 6 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді
  • Ж.Түймебаев жастардың тың идеяларына қолдау білдірді
  • Түркістанда Turkestan hub IT орталығы ашылды