Сабақтан қалған баласы үшін ата-ана айыппұлға қанша теңге төлейтіні белгілі болды

Screenshot_6.jpg

Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Эльмира Суханбердиева үкіметте өткен баспасөз мәслихаты кезінде сабақтан көп қалатын балалардың ата-анасы енді әкімшілік айыппұл төлейтінін мәлімдеді. Айыппұл мөлшері 7 575 теңгеден басталады деп хабарлайды nur.kz.

"Білім туралы" заңда балалар алатын білім үшін ата-ана жауапты екені жазылған. Сондықтан егер бала белгілі бір күн бойы сабаққа қатыспаса, онда біз алдымен бұл мәселені кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі комиссиямен тексереміз, содан кейін прокуратураның көмегімен іс сотқа жіберіледі", - деді Эльмира Суханбердиева. 

Содан кейін іс әкімшілік сотта қаралады екен. Заңда ата-ана міндетін дұрыс орындамағаны үшін айыппұл қарастырылған.

"Оның мөлшері 3 АЕК-тен басталады. Осы орайда бізде кәмелеттік жасқа толмағандар ісімен айналысатын комиссия бар. Мұндай балалардың саны әрдайым біздің бақылауда. Бірақ олар үшін ата-аналар жауап береді, тіпті ата-ана құқынан айырылулары да мүмкін", - деп сөзін қорытындылады вице-министр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Президент «Жусан» операциясы бойынша мәлімдеме жасады
  • Назарбаев Қызыл алаңдағы әскери парадқа қатысты
  • Бүгін Сенат төрағасы 56 жасқа толды
  • Түркістанның сауда орындары қала сыртына көшіріледі
  • Шөкеевтің өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: