Де-юре-экс-президент, де-факто-әлі президент


 default-18p9.jpg

Н.Назарбаевтың президенттік өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуы көпшілік үшін күтпеген жаңалық болды. Бүгін мемлекет басшысының уақытша міндетін атқарушы, Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында ант береді.   Сайлаудың қашан болатыны әзірге нақты емес.

Н.Назарбаев президенттік лауазымнан кеткенімен, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, Конституциялық кеңестің мүшесі болып қала береді. «Нұр отан» партиясының төрағалығын да тастамайтын болды. Алдағы сайлауға биліктің партиясының атынан жалғыз кандидат түсетінін және оның міндетті түрде жеңіске жететінін де жоққа шығаруға болмайды.

«31 арнаға» берген сұхбатында белгілі саясаткер Әміржан Қосанов қалыптасқан жағдайға мынандай пікір білдірді:

-Назарбаев Қауіпсіздік кеңсенің төрағасы ретінде елдің ішкі, сырты саясатының негізгі бағыттарын анықтап отырады. Де-юре-президенттік лауазымнан кетсе де,  де-факто мемлекеттің басшысы ретінде өзінің формалды емес фунциясын атқарады. Бірақ бұған қарап екінші президенттің мәртебесін төмендетуге болмайды. Ол өзінің саясатын жүргізеді.     


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Президент «Жусан» операциясы бойынша мәлімдеме жасады
  • Назарбаев Қызыл алаңдағы әскери парадқа қатысты
  • Бүгін Сенат төрағасы 56 жасқа толды
  • Түркістанның сауда орындары қала сыртына көшіріледі
  • Шөкеевтің өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: