Назарбаев: Аллаға шүкір, қазақстандықтар еш жерде малай болған жоқ

3479602.jpg

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Самал Еслямованың "Айка" фильміндегі жұмысына баға берді. Эмигранттар туралы сөз қозғаған Елбасы қазақстандықтар еш жерде малай болмағанын алға тартты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Самал Еслямова фильмде Қазақстанды жақсы насихаттады. "Үздік әйел рөлі" сыйлығын да алды. Бастысы, эмигранттардың шетелдегі жағдайын көрсетті.

Аллаға шүкір, тәуелсіздіктің 27 жылында қазақстандықтар басқа мемлекеттегі сияқты еш жерде малай болған жоқ. Ол осындай халықтың өмір қиындығын зор талантпен, өнермен көрсете білді", - деді Назарбаев.

Жарнама орны

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Туберкулездің азаюына үлес қос!
  • Туберкулез жүктілік кезінде де болады
  • Министр бір үйде тұратын екі-үш отбасының табысы қалай есептелетінін айтты
  • Премьер-министр Түркістандағы құрылыс жұмыстарымен танысты
  • Күйеуі жұмыс істейтін көпбалалы аналарға мемлекеттен көмек берілмейді