Білім министрі үштілділікке қатысты пікір білдірді

9433366.jpg

Жаңа білім министрі Күләш Шәмшидинова үштілділікке қатысты ойын айтты.

Назарбаев зияткерлік мектебі басқармасын басқарған Шәмшидинова балалар бірінші ана тілін білу қажеттігін алға тартты.

"Заман талабына сай, балаларымыз, ең бірінші, өз ана тілін, қазақ тілін білуі керек. Себебі, қазақ тілін біз тек Қазақстанда ғана дамыта аламыз. Екіншіден, жалпы интеграциялану үшін, басқа көрші мемлекеттермен жұмыс істеу үшін бізге орыс тілі мен ағылшын тілі қажет. Міне, осы жағдайға байланысты қазір мектептерде пәндер қазақ, орыс және ағылшын тілінде оқытылып жатыр", - деді Шәмшидинова үкімет кулуарында.

Оған қоса, министр мектептерде ағылшын тілінде оқытуға біртіндеп көшетінін жеткізді.

"Әрине, елдің бәрін көп толғандырып, көп шулатқан мәселе – ол пәндерді ағылшын тілінде оқыту. Осыған байланысты министрлік қазір кадрлардың дайындығына қарай біртіндеп көшуді қарастырып отыр", - деді ол.

Министрдің сөзінше, 2016 жылы ЖОО-да ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалімдерді дайындау жөнінде тапсырма берілген.

"Сол тапсырыспен болашақ мұғалімдер келесі жылдан бастап университтердің қабырғаларынан шыға бастайды. Сондықтан да балаларды ағылшын тілінде оқыту мәселесі кезең-кезеңмен, кадрлардың және мектептердің дайындығына байланысты мектептердің қалауымен біртіндеп енгізіледі. Біз қазір 15 мектеп немесе 20 мектеп енгізсін деген талап қойып отырған жоқпыз", - деді Шәмшидинова.


Жарнама орны

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Туберкулездің азаюына үлес қос!
  • Туберкулез жүктілік кезінде де болады
  • Министр бір үйде тұратын екі-үш отбасының табысы қалай есептелетінін айтты
  • Премьер-министр Түркістандағы құрылыс жұмыстарымен танысты
  • Күйеуі жұмыс істейтін көпбалалы аналарға мемлекеттен көмек берілмейді