Кәрім Мәсімов - әрі премьер, әрі блогер

Screenshot_12.jpg

Жұмыс орнында ерігіп отырған шенеуніктерге  жақсы ермек табылды. Премьер-министр Кәрім Мәсімов өзге елдердің басшыларына еліктеп, интернетте жеке блогын ашты. Блог дегеніміз – күнделік сияқты, қызықты ой-пікірлерін жазып, қалдыруға болады. Әлем саясаткерлерінің арасында блог ашу қазір сәнге айналды. Біздік премьерге дейін мұндай қадамға  Обама мен Джордж Буш, Иран президенті  Ахмадинеджад, Германия канцлері  Ангела Меркель мен Ресей президенті Дмитрий Медведев ашып қойған. Мәсімовтің блоггерге айналғанына мәз-мейрам болып жатқандардың арасында қазақстандықтармен қоса шетел азаматтарын да көптеп табуға болады. 

Премьер блогының алғашқы бетінде мынадай жазуды табасыз:   

«Мен сізбен өзімнің жеке блогымда кездескеніме қуаныштымын». Қысқаша өмірбаяны мен пікірлесуге шақыратын арнау сөзден басқаның барлығы – орыс тілінде жазылған. 

Блог иесіне арнап оқырмандар өлең түрінде арнау жазып та үлгеріпті. 

ҚазНетімде шарласын, 

Блогыңыз сүйреп арбасын... 

Сізден де жауап боп тұрсын... 

Блогыңыз жетім қалмасын! 

Пікірге құлақ түр, көкем, 

Бізбен кеңес құр, көкем... 

Үкімет басқару бөтен де, 

Блог басқару – бір бөтен!

Бір қызығы, блогтағы алғашқы жазу өткен жылдың қараша айында пайда болғанымен, интернет-күнделік жайлы ақпарат тек осы аптада тарады. Айналдырған екі сағаттың ішінде Мәсімовтің атына 80-ге жуық хабарландыру жазылыпты. Келіп түскен хаттардың басым бөлігі тұрғын үй, қаржылық дағдарысқа қатысты сұрақтар. Премьер әлі жауап жазған жоқ.   

Мәсімовтен біздің Нұрғали Әшімов те қалыспай келеді. Әлі жеке блогын ашпаса да, әкімнің онлайн режимде өткізген конференциясы жайлы ақпарат құралдары жазып жатты. Осы қарқынмен жүре берсе, Әшімовтің Мәсімовтен «5» деген бағаны алып қалуының мүмкіндігі зор. Себебі, Мәсімов – интернетті, интернетте қаңғырып жүретіндерді жанындай жақсы көреді. Осыдан біраз жыл бұрын Кәрім Қажымқанұлының  www.massimov.com интернет сайтын ашқанын біреу білсе, біреу білмейді. Бірақ, белгісіз себептермен сол сайтты ашу мүмкін емес. 

Осы аптада Үкімет басшысы барлық министрлерге интернет-блог ашып, ондағы интернет пайдаланушылардан келіп түскен хаттарға міндетті түрде жауап қату керектігін тапсырды. «Өзім жиі-жиі кіріп, блогта не істеп жатқандарыңды тексеріп тұрамын» деді Кәрім Қажымқанұлы. Министрлер кабинетінен кейінгі  кезек облыс әкімдеріне, одан соң осы тектес  науқандардың әбден қалыптасқан формуласы бойынша.  аудан, қала басшыларына тиетінінде күмән жоқ. 

Дерек: Әлемде 18 миллионнан астам блогер бар. Ең танымал блогердің айлық табысы 200 мың долларды құрайды. Түсетін пайда блогты ашатын интернет пайдаланушылардың көптігіне қарай өсе береді. Сондықтан, Мәсімовтің де интернет жобасы табысты бастамаға айналып кетуі бек мүмкін. 

"Рейтинг" газеті

Жарнама орны

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Туберкулездің азаюына үлес қос!
  • Туберкулез жүктілік кезінде де болады
  • Министр бір үйде тұратын екі-үш отбасының табысы қалай есептелетінін айтты
  • Премьер-министр Түркістандағы құрылыс жұмыстарымен танысты
  • Күйеуі жұмыс істейтін көпбалалы аналарға мемлекеттен көмек берілмейді