«Мықты әскер – елдіктің тірегі»: Тоқаев Қазақстан әскерінің дайындығының деңгейі жайлы айтты

Oinet.kz 06-05-2024 332

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан әскерінің осы уақытқа дейінгі жетістіктері туралы айтып, алдағы уақытта да дайындықты шыңдай түсу керегін еске салды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_32.jpg

Мемлекет басшысының айтуынша, геоосаяси тұрақсыздық белең алған қазіргі жағдайда мықты әрі дайындығы сақадай сай әскердің маңызы айтарлықтай арта түсті.

“Біздің әскери қызметшілеріміз БҰҰ аясындағы түрлі бітімгерлік операцияларға қатысып, өздерінің кәсібилігі мен жоғары деңгейдегі жауынгерлік машығын көрсетіп келеді. Жуырда Қазақстан Голан жоталарындағы миссиясын дербес орындау жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының мандатына алғаш рет ие болды. Соңғы жылдары әлем елдерінің әскери қуаты туралы рейтингтегі орнымыз едәуір жақсарды”, – дейді Тоқаев.

Президент қандай жағдай болмасын Қазақстан әскерінің дайындығы жоғары деңгейде болу керегін ескертті.

“Бұл әскеріміздің дайындығы жоғары екенін әрі үйлесімді әрекет ететінін білдіреді. Қазақстан жер-жаһанға өзін бейбіт ел ретінде танытты. Біз барлық мемлекетпен достық қатынас орнаттық. Кез келген шиеленісті сындарлы диалог арқылы шешу керек деп есептейміз. Бірақ арқаны кеңге салып, қамсыз отыруға болмайды. Қуатты әскеріміз түрлі қатерге сақадай сай тұруға тиіс. Мықты әскер – елдіктің тірегі”, – деді мемлекет басшысы. 

Тоқаев Жеңіс күнін жақындатуға атсалысқан майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне әрқашан құрмет көрсетілетінін айтты.

Мемлекет басшысы ардагерлерге мерекеге орай жыл сайын қосымша төлемақы берілетінін, ал биыл оның көлемі үш миллион теңгеге дейін өскенін жеткізді. Президенттің бастамасымен биылдан бастап "Айбын" орденінің үш дәрежесі даңқты батырларымыз – Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлының және Рақымжан Қошқарбаевтың атымен аталады. Од ұлт перзенттерінің батылдығы мен батырлығы бүгінгі және болашақ ұрпақ үшін үлгі-өнеге болатынын еске салды.

Бұған дейін Президент бірқатар әскери қызметкерлер мен шенеуніктерге арнаулы атақ беріп, марапаттады.

Президент бірқатар әскери қызметкерлер мен шенеуніктерге арнаулы атақ беріп, марапаттады
Цифрлық даму министрі тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу