Тұрғындарға карантин талаптары мен құқықтарын түсіндірілді

Oinet.kz 06-07-2020 601

тусдрме.jpg

Түркістан облысы әкімінің тапсырмасы бойынша облыстың бас санитар-дәрігерінің қаулысы негізінде полицейлер тұрғындарға карантин талаптарын түсіндіріп, оның сақталуын бақылауда. Сонымен қатар, полицейлер тарапынан ірілі-ұсақты құқықбұзушылықтың алдын алу, кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта ата-анасының рұқсатынсыз жүрмеуін қадағалау мақсатында түнгі уақыттағы рейдтік жұмыстары жүргізілуде.

«Түркістан облысының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу бойынша шектеу іс-шаралары және карантин режимін енгізу» негізінде Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты барлық қала, аудандық полиция бөлім, басқармалардың қызметкерлерінен мобильдік топтар құрылып, карантин талаптарын сақтау мақсатында рейдтік ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Мобильдік топ өздерінің аудан аумағындағы азық-түлік дүкені, асхана, кафе, ойын-сауық орталықтарында жалпы адамдар көп шоғырланатын жерлерде карантин талаптарын сақтау қажеттігін қатаң ескертіп, тиісті жұмыстарын жүргізуде. Оған қоса тәртіп сақшылары сенбі-жексенбі күндері барлық аталмыш орындардың өз жұмыстарын тоқтатуын бақылауда ұстауда.

ТО полицейлері өңір тұрғындарына арақашықтық пен маска режимін сақтауға, көп адам жиналатын іс-шаралар, той-жиындар өткізбеуге шақырады.

Ұрып-соғып, тонаған күдіктілер жазадан құтылмайды
Заңсыз жолаушы тасымалын жою жұмыстары жүргізілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу