Шымкент: «Мөлдір бұлақ» апталығы басталды

Oinet.kz 06-05-2024 463

6.jpg 

Шымкентте Мемлекет басшысының бастамасымен өтіп жатқан «Таза Қазақстан» акциясының «Мөлдір бұлақ» апталығы басталды. Бұл туралы Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

 Елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының  бесінші аптасы өтуде. Осы уақыт аралығында акция "Таза өлке", "Киелі мекен", «Жасыл аймақ", "Өнегелі ұрпақ" экологиялық апталарға бөлінген болатын. Әр апталық барысында қала тұрғындары, қоғам белсенділері, мекеме қызметкерлері бекітіліп берілген аумақтарды тазартты. Тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағы абаттандырылды. Көшет отырғызу, ағаштарды әктеу шаралары қолға алынды. Ардагерлер үйінің ауласы мен қарттар үйінің аумақтарын тазартылып, абаттандырылды.

Енді бесінші «Мөлдір бұлақ» апталығы бойынша өзендер мен көлдердің маңайы, жағалауы, су арналары қоқыстардан тазартылады.

Айта кету керек, Шымкентің аумағында Бадам, Қошқар ата, және Сайрам-су өзендері мен 30-дан астам канал бар.

Жалпы, Акцияның басты мақсаты – қоршаған орта мен тұрғындар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, азаматтық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту мақсатында құрылған қоғамдық игілікке ұқыптылықпен қарау қағидаттарын қалыптастыру.

«Мөлдір бұлақ» апталығында қаладағы Қошқар ата өзенінің аумағы тазаланды.

Қошқар ата өзені - қала ортасындағы жер астынан бастау алатын бұлақ суы, ол Бадам өзеніне құйылады.

2010 жылдан бастап бұл өзен қорғалатын табиғи аумақ болып саналады. Бүгінде өзен бастауынан Ордабасы алаңына дейін ірі қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, 1,5 шақырымға жуық жер қала тұрғыындары мен қонақтары үшін серуендеуге арналған орын пайда болды.

Айта кетейік, судың бір ғажабы - жыл бойы температурасы бір қалыпта, яғни, +11 градус болып сақталып тұрады. Құрамында фтор, кальций, магний элементтері болғандықтан Қошқар ата өзенінің суы шипалы болып саналады. Көп адамдар дұға оқуға, су толтырып алуға, шомылуға келеді.

Еліміз бойынша жүріп жатқан экоакция аясындағы «Мөлдір бұлақ» апталығына орай Қошқар ата өзенінің маңайына тазалық жұмыстары жүргізілді. Өзеннен 100 текше метрге жуық қоқыс шығарылды Тұрмыстық қоқыс пен табиғи қалдықтардан тазалау жұмыстарына 7 арнайы техника, 10 адамнан құралған 2 бригада жұмылдырылды.

Жалпы қорғалатын табиғи аумақ болып саналатындықтан Шымкент қалалық Жайлы ортаны дамыту басқармасы Қошқар ата өзенін тазалау жұмысын күнделікті кестеге сәйкес жүргізіп отырады.


Сыздықбековтің қабылдауында 200 азаматтың талап-тілегі тыңдалды
«Таза Қазақстан»: Ағаш отырғызу челленджі жалғасуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу